Өрт қауіпсіздігі пешті пайдалануы
және құрастыруы туралы ескерту.
Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өртті болдырмау, жылыту пешті пайдалану және құрастыру, оларды қайғылы салдарда өрт қауіпсіздігі шараларын еске түсіреді:
- жылу беру уақытына дейін пеш пен басқа жылу беру құралдарын тексеріп, қажет болса жөндеу, майлау, ағарту жұмыстарын жасау және түтін өтетін жолын ыстан тазарту керек;
- әрбір пештің өзіне тән құбыры немесе аңғары болуын қадағалау;
- пештің түтін шығатын аңғарында, бақтағы жұмысшылар, екі мықты ысырманы құруын қадағалауға тиісті, бір ысырманың тесігінің диаметірі 15мм;
- түтін шығатын құбырдың ұзындығы 5 м етіп қабылдау керек;
- пешті тек ересек адамдар ғана тамызу керек, балалар мен жарымжандарға, мас күйдегі адамдарға от жағуды және оны қарауды тапсыруға болмайды;
- пеш алдында орнатылатын 50*70 көлемді қағылған қаңылтыр үстінде ағаш және басқа жаңғыш материалдарды қалдыруға болмайды.
- пештің есігіне қарама-қарсы қабырға 1250мм қашықтықта тұру керек;
- пешті бензинмен, керосинмен, соляркамен және басқа жылдам жаңғыш сұйық заттармен жағуға болмайды. Бұл өте қауіпті;
- пешті қатты қыздыруға, үзбей жағуға болмайды, отты жағу 3 сағаттан аспау керек;
- жиһаздарды, басқа да жанғыш заттарды пешке жақын қоюға болмайды;
- киім, ағаш және басқа жаңғыш материалдарды пештің үстіне және жанында кептіруге болмайды, қауіпті,
- өрт болса «101» телефонын соғу керек;
- өрт сөндірушілер келгенше дейін, мүліктер мен адамдарды шығарып, ұйымдастырып қою керек;
- өртті қолда бар заттармен өшіре беруге тырысу керек;
Есте сақтаңыздар, өртті болдырмау оңай, оны өшіргенше.
Май ауданының ТЖБ
Т.Б.Ташенов