АВТОКӨЛІКТІ ӨРТТЕН САҚТА

АВТОКӨЛІКТІ ӨРТТЕН САҚТА


ӨРТ ТУЫНДАУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ ҮШІН ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗДАР:

- автокөліктің тораптары мен механизмдерін жарамды жағдайда ұстау;

- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға тыйым салынады;

- гараж үй жайларын жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары), сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар;

- гараж үй-жайларында жанатын материалдардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыздар;

- гараж үй жайларында темекі шегуге тыйым салынады;

- өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргізушіге тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты
өшіріп, аккумулятор батареясын ажыратып, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп, 101, 112 телефондары арқылы болған жағдай туралы хабарлау қажет. Содан кейін өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру бойынша шаралар қабылдау қажет.


АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТЕНУДІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ:

Электр сымдарының қысқа тұйықталуы, автомобиль салонында шылым шегу кезінде абайсыз болу, отын, майдың ағуы және қозғалтқыштың қызып тұрған бетіне тиюі, қозғалтқышты қыздыру үшін ашық отты пайдалану, электр газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде отпен абайсыз болу.


ӨРТ КЕЗІНДЕ «101»-ге ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕЛЕФОНЫ «112»

 

Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

 

Дата публикации
03 ноября 2021