Қылмыстық процестің үш буынды моделі

Қылмыстық процестің үш буынды моделі

Өткен жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы "Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда өкілеттіктерін нақты бөле отырып, үш буынды модельді енгізуді тапсырды.
Үш буынды модель барлық дамыған елдерде қолданылады. Бұл модельде үш буын қылмыстық процеске жауап береді: полиция, прокуратура және сот. Бұл құрылымдар арасындағы өкілеттіктер нақты анықталған.
Қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу проблемаларын болдырмау мақсатында оны қабылдау алдында пилоттық жоба жүргізіліп, ол бүкіл ел бойынша іске асырылды. Жоба шеңберінде біз прокурордың негізгі процестік шешімдерді енгізу және келісу жүйесін апробацияладық.
Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді, мәселен, 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қылмыстық іс жүргізу кодексіне заңнамалық түзетулер заңды күшіне енген күні елдің барлық тергеу және прокуратура органдары қылмыстық іс бойынша негізгі шешімдерді электрондық келісуге көшті.
Енді "күдікті деп тану туралы", "күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау", "қылмыстық құқық бұзушылықты саралау", "сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу, тоқтату туралы" шешімдер, сондай-ақ "теріс қылықтар туралы" істер прокурордың келісімінсіз заңсыз болып саналады.
Бұл өзгерістер күдіктінің де, жәбірленушінің де азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, қылмыстық процестің ауқымына негізсіз тарту фактілерін болдырмауға және тұтастай алғанда тергеудің объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
​​​​​​​​
​
Май ауданының
прокуратурасы

 

Дата публикации
19 октября 2021