Май аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
«2021-2023 жылдарға арналған Май аудандық бюджеті туралы»
№1/65 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Май аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6002005 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 729842 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 11702 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 4357 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5256104 мың теңге;
2) шығындар – 6095659 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 37273 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 70595 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 33322 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -133406 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 133406 мың теңге.
2) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«2. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 0 теңге сомасында бекітілсін.»;
3) көрсетілген шешімнің 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«7. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің, Ақжар және Майтүбек ауылдарының бюджеттеріне ағымдағы сипаттағы шығыстарға нысаналы трансферттер 253512 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |