Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу

Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу

          eGov.kz порталы арқылы:

  1. Өзіңізге ыңғайлы тәсілмен порталда авторизациядан өтесіз;
  2. «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін таңдайсыз;
  3. Бұл бөлімде «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін табасыз;
  4. Қызметке онлайн сұрау жасайсыз;
  5. Аударымдар туралы анықтама қай уақыт кезеңі үшін қажет екенін көрсетесіз;
  6. Өтінішті электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен растайсыз, анықтама 20 минут ішінде дайын болады.

eGov Mobile қосымшасы арқылы:

  1. Қосымшаға кіріп, авторизациядан өтесіз;
  2. «Қызметтер» бөлімінен «Жеңілдіктер, жәрдемақылар, зейнетақылар» бөлімін табасыз;
  3. Содан кейін «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат» бөлімін ашыңыз;
  4. Қажет кезеңді көрсетіңіз;
  5. Электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS көмегімен қызметке қол қойыңыз, анықтама 4 сағат ішінде дайын болады.
Дата публикации
09 сентября 2021