Көп жағдайларда, газ құралдарын қолдану кезінде адамдардың жарақат алуы және өлімге әкеп соғатын себептер, ол қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан орын алады. Негізінде көгілдір отынның сыртқа шығуы, дұрыс орнатылмауы себебінен болады және бұл ақаулық бірден сезілмейді.
Жиналған газдың иісін үй иелері күндізгі уақытта сезби қалуы мүмкін, түні бойы жиналған газ аса қауіпті мөлшерге жетіп, сірінкенің бір тұтамынан немесе басқада ашық от көзімен қолданғанда жарылу қауіпі төнеді.
Бөлмеде газдың иісін сезсеңіз дереу газ плитаға газ беруін тоқтатыңыз. Үйдегі электрожарықты, басқада электроқондырғыларды қоспаңыз, темекі шегіп сірінкемен қолданбаңыз.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт шығуын болдырмауы үшын тұрғын үй иелері газ құралдырымен қолдану кезінде төменде көрсетілген талаптарын сақтауы міндетті:
- газ құралдырының дұрыс жұмыс істеуін және желдеткіш құралдарының қалыпты жұмысын қадағалау;
- газды қолданудың соңында газ құралдарының крандарын бекітіп, газ баллонмен қолданған жағдайда қосымша баллондағы клапанды жабыңыз;
- газ құралдарының ақаулықтары болған жағдайда газ шаруашылығының қызметкерлеріне хабарласыңыз;
- жертөлеге кірген кезде жарық жақпас бұрын газдың иісі болмауына көз жеткізіңіз;
- газбен жабдықтау кенеттен тоқтаған кезде газ апараттарының жұмысын дереу тоқтатыңыз;
- газ құралдары мен газ жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін газ шаруашылығының қызметкерлері өздерінің қызметтік куәліктерін ұсынғаннан кейін рұқсат етіңіз.
Жеке баллонды қондырғыларды ғимараттың ішінде, сол сияқты сыртында да орнатуды қарастырған жөн. Қабаты екіден аспайтын тұрғын үй ғимаратының пәтерлерінде баллондар (бір пәтерге бір ғана баллон) орнатуға рұқсат етіледі. Бұл ретте баллондар міндетті түрде өз мақсатына (қолданылуы саласына) сәйкес боладыу қажет.
Есіңізде болсын бір ұшқын үйде жинақталған газдың жануы үшін жеткілікті, бұл сөзсіз жарылысқа содан кейін өртке әкеп соғады. Бөлмеде газдың иісі болмауын мұқият тексеріңіз, газдың иісі болған жағдайда тереземен есіктерді ашып желдетіңіз. Осыдан кейін бөлмеден шығып газдың иісі түгел шықпағанша кірмеңіз. Егер газдың иісі кетпеген жағдайда жедел газ қызметкерлеріне 104 телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз.
Құрметті Май ауданының тұрғындары! Май ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі газ қондырғыларын қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін катаң түрде ұстануыңыз қажет екенін ескертеді.
Май ауданының ТЖБ