

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 30-жылдығын мерекелеу шеңберінде!
Ағымдағы жылдың 31 тамызында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 30-жылдығын мерекелеу шеңберінде "2021 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 30-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларды өткізу жоспары" 1 тармағына сәйкес Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамымен, аудандық «Nur Otan» партиясының филиалында, аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының м.а. М.Т. Тулеубаеваның төрағалығымен "Тәуелсіз Қазақстанның дамуы және қалыптасу тарихындағы ұлттық мейрамның рөлі" тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімі