Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сонымен қатар алдағы 2021 – 2022 жылғы жылыту маусымына байланысты, 2021 жылдың 01 – 30 қыркүйек аралығында Май ауданының аумағында халықтың өлімі мен жарақаттануын және өрт санын төмендету мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі. Май ауданының ауыл және ауылдық округтердің тұрғын секторларында Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және №19 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері бірлесе, халық арасында көліктегі, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, жылыту пешін және электр аспаптарын пайдалану кезінде, балалардың отпен ойнау салдарынан
өрттің алдын алу бойынша өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары
түсіндіріледі. Сонымен қатар орманды дала массивтерінде және шабындық жерлерде әртүрлі өртке қарсы тақырыптарға жадынамалар табысталып рейдтік іс-шаралар өткізіледі.
Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімі