ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚТЫ

2021 жылдың 10 тамызында №19 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Қайрат Қауызханұлы Қауызхановты зейнеткерлік демалысына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өткізілді.
Салтанатты рәсімге Май ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Жұмабекұлы Байбакиров және Май ауданы гарнизонының жеке құрамы қатысты. Жиынға қатысушылар шың жүректен ізгі тілектерін және ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар көп жылдық адал еңбегі үшін Қайрат Қауызханұлы Май ауданының әкімі Марат Қамзаұлы Ақтаевтың және Павлодар облысы "Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Фархат Секенұлы Әміренің алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиын соңында Қайрат Қауызханұлы әріптестеріне алғысын білдіріп, жұмыстарына жеміс тіледі.
Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және №19 өрт сөндіру бекеті