««Precious Stones Group» ЖШС-мен пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскесiне жария сервитутты белгілеу туралы» қаулының жобасы

«Precious Stones Group» ЖШС-мен

пайдалы қазбаларды барлау  және геологиялық

зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер

 учаскесiне жария сервитутты белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1, 69, 71-1-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Precious Stones Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жария сервитут Көктөбе ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскесіне меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, жалпы алаңы 7702,0 га жер телімін 4 жыл мерзімге (2025 жылғы қарашаның 22-не дейін) жария сервитут белгіленсін.
  2. «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы нормативтік құқықтық актіні ресми жарияланғаннан кейін Май ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
«Precious Stones Group» ЖШС-мен пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскесiне жария сервитутты белгілеу туралы
Дата публикации
21 июля 2021