ХАБАРЛАМА
2021 жылы 25 шілдеде Май ауданы ауылдық округтерінің
әкімдерін сайлауы екі ауылдық округінде өтті.
Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Май ауданының ауылдары, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларынан сайлау қорытындысы анықталды:
Баскөл ауылдық округінің әкімін сайлау
бойынша Баскөл сайлау округі:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 646 адам енгізілді,
олардың 456 дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны - 22, «Бәріне қарсы» белгісі бар - 11.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Калиакпаров Д.Б. – 21; Сальменова А.Д. – 134; Сыздыков О.Д. – 268. Баскөл ауылдық округінің әкімі болып Сыздықов Оралбек Дәуітұлы сайланды, 1972 жылы туған, "Атамекен" КП директоры, Кеңтүбек ауылдық округінің Кеңтүбек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Малайсары ауылдық округінің әкімін сайлау
бойынша Малайсары сайлау округі:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 457 адам енгізілді,
олардың 328 дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Бәріне қарсы» белгісі бар - 0.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Беккожин Б.Ж. – 101; Кадиров А.К. – 4; Нургожин К.Т. – 217; Сергазина Р.Ж. -0.
"Ақжол"партиясы ұсынған, Малайсары ауылдық округінің Малайсары ауылында тұрады, "KEN-DALA ACRO" ШҚ басшысы, 1980 жылы туған, Нургожин Қуаныш Тегісұлы Малайсары ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылы 25 шілдеде сайланған Май ауданының ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдерін тіркеді.
Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ХАБАРЛАМА
Павлодар облысы Май ауданындағы ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
2021 жылы 25 шілдеде Май ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы екі ауылдық округінде сайлау өтті.
1103 адам сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілді, оның ішінде 784 (71%) дауыс беруге қатысты.
Әкімге кандидаттар саны - 7 адам.
Барлық 2 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.
Оның ішінде: партия ұсынған
«Ақжол» - 1 адам,
Өзін-өзі ұсыну арқылы - 1 адам.
Май ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарламалар Май ауданы әкімдігінің сайтындағы интернет-беттеріне жарияланды және аудандық газетінде жарияланады.