Май ауданы Баскөл және Малайсары ауылдық селолық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы.
2021 жылғы 9 шілдеде сағ. 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 2 сайлау округінде 8 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 3 (37,5%) – саяси партиялармен, 5 (62,5%) – өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Саяси партиялар 2 сайлау округі бойынша кандидатураларды ұсынды: «Nur Otan» партиясы 1 кандидат,Қазақстаның «Ақ Жол» демократиялық партиясы 1 кандидат, «ADAL» саяси партиясы 1 кандидат.
Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.
Қазіргі кезде оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, бұл іс-шара 2021 жылғы 14 шілдеде сағ. 18.00-де аяқталады.
Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдайына барлық округтерде кемінде екі адамнан ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі жағдайына 5 кандидат тіркелді (62,5%)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9-тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-тарда жарияланады.