Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Малайсары ауылдық округі
әкімдерінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы
Хабарлама
2021 жылдың 04 шілдеде Берік Жанатұлы Беккожин Малайсары ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарын «NUR OTAN» партиясынан ұсынды.
Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.