Май ауданының Малайсары және Баскөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Май ауданының Малайсары және Баскөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

2021 жылғы 25 маусымда Май ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Малайсары және Баскөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы"қаулы қабылданды.

Ағымдағы жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды. Өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.

Сайлау заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.

Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы сайлау комиссиясының төрайымы Кішкеналина Марина Валиевна баяндама жасады.

Оның айтуынша, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, яғни 26 маусым және сайлау күніне он бес күн қалғанда, яғни 09 Шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 14 шілдеде сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын аяқталады.

Сайлау қорытындылары аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

ы
Дата публикации
25 июня 2021