«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда, тек ауқымында ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
Сыбайлас жемқорлық термині латынның "соггитреге" деген сөзінен шыққан, мағынасы жағынан "мемлекет организмін, қоғамдық қатынастарды бұзу" дегенді білдіреді, "сатып алу" терминінің мағынасы ретінде - лауазымды тұлғаның өз билік өкілеттіктері мен өзіне сеніп тапсырылған құқықтарын Заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін алдау, қорқытып алушылық, әуре-сарсаңға салу жолымен жеке бас пайдасы мақсатында пайдалануын білдіреді. Көбінесе бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты қолданылады. Тиісті термин, әдетте, латын сөзінің бастапқы мағынасынан, сондай-ақ этикалық емес мінез-құлықтан туындайтын кең семантикаға ие.
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі.
Май аудандық
санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы