Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу
Май аудандық сотымен азамат С-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 669 бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.(Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу)
Істің мән-жайы:2020 жылы 22қарашасындаПавлодар обылыс Май аудандық сотының қаулысымен азамат Ж ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 3 бөлігі бойынша көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тауып оған әкімшілік айыппұл 27 780 теңге мөлшерінде жазасы және келешекте ішімдікті ішпеу, ішімдік сатылып ішілетін орындарға баруына тиым салынуы бойынша ішкі істер бөлімінің өтініші бойынша ерекше талап орнату жайлы қаулы шығарылған. Ол қаулы 2020 жылдың 08желтоқсанда заң күшіне еңді.Осы талаптарды орындаудан бас тарта отыра, азамат Ж 2021 жылы 18мамырда Май ауданы Май ауылы Абылайхан көшесінде қоғамдық орынында ішімдік ішіп отырғаны аңықталды.
Сот отырысында құқықбұзушыЖ өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне қатты өкінді.
Сот құқықбұзушы Ж-ты ҚР ӘҚБтК-ң 669 бабының 2 бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 1 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Қайнар:
Май аудандық сотының
баспасөз қызметі