Жүргізу куәлігісіз көлік құралын басқарғаны үшін қамауға алынды

Жүргізу куәлігісіз көлік құралын басқарғаны үшін қамауға алынды

 

Май аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 6 бөлігі бойынша жүргізуші С-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.

       Іс материалдары бойынша: 2021жылы 25-ші мамырда азамат С масаң күйінде бола тұра, және көлік жүргізу куәлігі болмауына қарамастан Май ауданы Басколь ауылының Абайкөшесінде, мотоцикл құралын жүргізгені аңықталды.

       Сот талқылау отырысында құқықбұзушы  С  өз кінәсін толық мойындады жәнеде ода жүргізу куәлігі мүлдем болмағанын айтты. 

       Сот қаулысымен құқықбұзушы С. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған  20 (жиырма) тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Қайнар:

Май аудандық сотының

баспасөз қызметі

Дата публикации
24 июня 2021