Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу

Аудандық және оған теңестірілген сотта

ic қағаздарын жүргізу

Іс қағаздарын жүргізу - ақпараттық технологиялар арқылы алынған қағаз және электронды жеткізгіштерде алынған хат-хабарларды қабылдау, тіркеу, жылжыту, есепке алу, жіберу және сақтау ережелерінде белгіленген тәртіп, сондай-ақ құжаттардың орындалуын, дайындық материалдарды кейінгі сақтауға және пайдалануға арналған бақылау.

Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі 2019жылғы«05»наурызда №6001-16-7-6/89өкімімен  бекітілген (маусым-шілде 2020 жылғы өзгертулермен) аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

Ережеге көрсетілгендей, аудандық сот төрағасы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді, сондай-ақ аудандық соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.Аудандық сот кеңсесінің меңгерушісі іс қағаздарын, сот статистикасын ұйымдастыру және жүргізу, процессуалдық және өзге де құжаттармен жұмыс істеудің осы Ережеде белгіленген тәртібінің сақталуы үшін жауапкершілікті көтереді.Кеңсе меңгерушісі жаңа қабылданған қызметкерлерді үш жұмыс күні ішінде осы Ережемен соттың жұмысын реттейтін басқа да құжаттармен ресми түрде таныстырады.Кеңсе қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі соттар әкімшісі бекіткен лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді. Есептік кезеңде, статистикалық мәліметтерді уәкілетті органдарға тапсыруға дейін екі күн бұрын судьялар, сот отырысының хатшылары олардың қарауындағы істер бойынша мәліметтерді есепке алу құжаттардың деректемелерін толтыру үшін беруге міндетті.Есептік кезеннің аяқталуына бес күн қалғанға дейін істерді қарауды бітіру керек. Сотта азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында, жергілікті және басқа да соттарда жеке тұлғалардың, заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі мемлекеттік тіл болып табылады, онымен қатар ресми тіл ретінде орыс тілі қолданылады. Өтініштер бойынша жауаптар мемлекеттік тілде немесе өтініш түскен тілде беріледі.Осы Қағиданың ережелері электронды құжаттарды қоса алғанда, жеткізгіштің түріне қарамастан, құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады. Сотта іс қағаздарын жүргізудн Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі СО АЖ қолданылады.Мемлекеттік органдардың Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне қосылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен электрондық құжат айналым СО АЖ арқылы жүзеге асырылады.

 

Май аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі

Д.Т. Сағымбаев

 

Дата публикации
24 июня 2021