Жүргізу куәлігісіз көлік құралын басқарғаны үшін қамауға алынды
Май аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 6 бөлігі бойынша жүргізуші О-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.
Іс материалдары бойынша: 2021жылы 11-ші шілдеде азамат О масаң күйінде бола тұра, және өзінде көлік жүргізу куәлігі болмауына қарамастан Май ауданы Көктөбе ауылының Төле би көшесінде «Барс» атты маркалы мотоцикл құралын жүргізгені аңықталды.
Сот талқылау отырысында құқықбұзушы О өз кінәсін толық мойындады жәнеде ода жүргізу куәлігі мүлдем болмағанын айтты.
Сот қаулысымен құқықбұзушы О. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 (жиырма) тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.
Қайнар:
Май аудандық сотының
баспасөз қызметі