Май аудандық сотыҚР ҚК-нің 188 бабы 1 тармағы бойынша(ұрлық, яғни бөтеннің мүлкiн жасырын түрде ұрлау) айыпталған А-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс бойынша: 2021 жылы 05-шісәуірінде азамат А.Май ауданы Көктөбе ауылының Төле би көшесінде орналасқан өзі үйінде болатұра, қасақана оймен, еркін және жасырын түрде сол үйде болған А-атты азаматың киімінің қалтасынан оның Б-атты анасының«HUAWEI» атты маркалы үйялы телефонды ұрлап алған. Ұрлықтын салдарынан азаматшаБ-ға80 000тенге көлемінде залал шығын келтірілген.Содан кейін ол ұрланған мүлікке өз қалауы бойынша өкімдеді.
Сотталушы А-ның іс әрекеті ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 тармағы бойынша – ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау деп сарапталады.
Сот отырысы барысында, айыпталушыА мен жәбірленушіБ татуласып, келтірілген залал өтелгенін, наразылығы жоқ екені және сол жөнінде тараптардың медиация тәртібі арқылы бітімгершілік келісімге келгендері жөнінде бітімгершілік келісімі түсті.
Сот қаулысымен соталушыА қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, ҚР ҚК-нің 68- бабының 1-бөлігі бойынша, жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты, қылмыстық істі қысқартты.
Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.
Қайнар:
Май аудандық сотының баспасөз қызметі