Ережесі жазғы кезеңде су объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс

Ережесі
жазғы кезеңде су объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс

Ыстық ауа-райының орнатылуына және суға шомылу уақытының басталуына байланысты Май ауданының ТЖ бөлімі халыққа су объектілерінде жаппай демалу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары туралы тағы да еске салады:
1. Әрбір азамат су объектілерінде апатқа ұшыраған адамдарға қолдан келгенше көмек көрсетуге міндетті.
2. Жағажайларда және көпшілік демалатын орындарда тыйым салынады:
* ескерту және тыйым салу белгілері мен жазбалары бар қалқандар (аншлагтар) қойылған орындарда шомылуға;;
* су объектісі акваториясының шомылуға бөлінген учаскелерін білдіретін буйкадан тыс жүзу;
* моторлы, желкенді кемелерге, ескекті қайықтарға және басқа да шағын көлемді кемелерге жүзуге, осы мақсаттарға бейімделмеген айлақтар мен құрылыстардан суға секіруге;
* су объектілерін және оларға іргелес аумақтарды ластауға және қоқыстауға;
* спирттік ішімдіктерді ішу, мас күйінде шомылу;
* осы мақсатқа арналмаған жерлерде доппен және спорттық ойындармен ойнау, сондай-ақ суға түсумен және шомылушыларды ұстап алумен байланысты су объектілерінде қолайсыз әрекеттерге жол беру, жалған дабыл айқайларын беру;
* тақталарда, бөренелерде және осыған бейімделмеген басқа да құралдарда жүзу.
3. Адамдарды жүзуге үйрету жағажайдың арнайы бөлінген орындарында жүргізілуі тиіс.
Білім алушылардың қауіпсіздігі үшін оқытуды жүргізетін адам жауапты болады.
4. Ересектер балалардың белгіленбеген орындарда шомылуына, осы үшін бейімделмеген құралдарды (заттарды) пайдалана отырып жүзуіне жол бермеуге міндетті.
5. Су объектілеріндегі балалардың қауіпсіздігі шомылу орнын дұрыс таңдау және жабдықтармен, су объектілеріндегі мінез-құлық қағидалары және сақтық шараларын сақтау туралы балалармен жүйелі түсіндіру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.

Суда қаза болудың негізгі себептері-қауіпсіз мінез-құлық ережелерін өрескел бұзу, өзіне деген сенімділік пен қорқыныш.


Май ауданының ТЖ бөлімі

ы
Дата публикации
21 июня 2021