Қылмыстық іс бойынша, тұрақты медиация қолданылды

Қылмыстық іс бойынша, тұрақты медиация қолданылды

Май аудандық соты ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 тармағы бойынша (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкiн жасырын түрде ұрлау) айыпталған Н-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс бойынша: 2021 жылы 26-ші наурызда сағат шамасы 15.00-де азамат Н Май ауданы Малайсары ауылының Аубакиров көшесінде орналасқан «Максат» атты шаруашылық қожалығында фронтальдық погрузчик тракторымен осы шаруашылықта істейтін Ж атты жұмысшысының үй ауласының қарын тазалап беруге бармақшы болып, осы себебпен азамат Н шаруа қожалығының қоймасына барып жанар-жағармайды қүйу кезінде, ода  қылмыс жасауға ой туды, сонымен ол қасақана оймен жасырын түрде, өз еркімен қоймадан 70 литр солярқаны 200 литрлық бөшкеден ұрлап қүйып, оны үш 20 литрлық, бір 10 литрлық кәністірге қүйып алады. Әрі қарай осымен тоқтамай сол қоймадан үш қап тартылған яшменді де ұрлап алады. Ұрлықтын салдарынан «Максат» атты шаруашылық қожалығының Т атты төрайымына 20 340 тенге көлемінде залал шығын келтірілген.

Сотталушы Н-ның іс әрекеті ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 тармағы бойынша – ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау деп сарапталады.

Сот отырысы барысында, айыпталушы Н мен жәбірленуші Т татуласып, келтірілген залал өтелгенін, наразылығы жоқ екені және сол жөнінде тараптардың медиация тәртібі арқылы бітімгершілік келісімге келгендері жөнінде бітімгершілік келісімі түсті.

Сот қаулысымен соталушы Н қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі бойынша, жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты, қылмыстық істі қысқартты.

 

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Қайнар:

Май аудандық сотының баспасөз қызметі

 

Дата публикации
26 мая 2021