Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау тәртібі

Әкімшілікқұқықбұзушылықтуралыістербойыншақаулылардыорындаутәртібі

Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшіне енген кезден бастап орындалуға жатады.

Арнайы құқықтан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы олар шығарылған кезден бастап орындалуға жатады.

Қаулы оны орындауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) ол заңды күшіне енген күннен бастап бір тәулік ішінде жолданады.

Арнайы құқықтан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылар оларды орындауға келтіруге уәкілеттік берілген органдарға олар шығарылғаннан кейін дереу жолданады.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тыйым салу түрінде жаза қолдану туралы қаулылардың көшірмелері орындау үшін тиісінше ішкі істер органдарына жолданады.

Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде сот орындаушыларына жолданады.

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы заңды күшіне енген қаулының көшірмесі орындау үшін көрсетілген қаулыны орындауды жүзеге асыратын органдарға дереу жолданады.

 

Павлодароблысы

Майаудандық сотының

Сот приставы

 

 

Дата публикации
26 мая 2021