«2022 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2),3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Май ауданы әкiмдiгiнің қаулы жобасы әзірленді.
Осы Май ауданы әкiмдiгiнің «2022 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулы жобасының мақсаты, өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға жәрдем көрсету болып табылады.
Қаулы жобасы қаржылық шығындарды болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=8967394