Май ауданы әкімдігінің қаулысы «Май ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Май ауданы әкімдігінің  «Май ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулы жобасы (бұдан әрі- қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529 - бабы 6 - тармағына, Қазақстан Республикасының  2001  жылғы 23  қаңтардағы  «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 – бабына сәйкес әзірленді.

Қаулының  жобасының қабылдаудың нақты мақсаты Май ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту.

         Қаулы жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8292569 «Құқықтық көмек» бөлімінде        2021 жылғы 23 сәуірден 12 мамырға дейін орналастырылған.

Дата публикации
26 апреля 2021