Май аудандық мәслихатының «Май ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне сәйкес табысы төмен, меншігінде бір тұрғын үй бар отбасылары (азаматтар) тұрғын үй көмегін алуға үміткер бола алады.
Тұрғын үй көмегі бір тоқсан мерзіміне тағайындалады. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілген қызметті алушының осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы 5% мөлшеріндегі айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін алу үшін өтінішті:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚЛО);
www.gov.kz электрондық үкімет сайты арқылы беруге болады.
Тапсырыс беру үшін келесі құжаттар қажет:
-жеке куәлік;
-отбасының соңғы тоқсандағы табысын растайтын құжаттар;
-соңғы тоқсандағы коммуналдық төлемдер;
-жалдау шартары;
-банктін шоты.