2026 жылғы 05 шілдеде өткен Май ауданы Қаратерек,Көктүбек ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2026 жылғы 05 шілдеде  Май ауданы Қаратерек, Көктүбек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Қаратерек ауылдық округі

Сайлаушылар тізіміне 401 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 231 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 5 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 2.

Қаратерек ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Бейсембаева Самал Ерсаинқызы үшін сайлаушылардың 15 дауысы берілді,

Шыбынаев Марс Зарлықанұлы үшін сайлаушылардың 212 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 4.

Сайлау қорытындысы бойынша Қаратерек ауылдық округінің әкімі  болып Шыбынаев Марс Зарлықанұлы сайланды. Ол 1976 жылы туған, Б.Нұржанов атындағы "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС объектілерді күзету жөніндегі өрт сөндіру бөлімінің бастығы, Екібастұз қаласының тұрғыны.

 

Көктүбек ауылдық округі

Сайлаушылар тізіміне 2699 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1380 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 54 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 2.

Көктүбек ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Масугутов Мақсұт Балтабекұлы үшін сайлаушылардың 332 дауысы берілді,

Отаров Сағдат Бақытұлы үшін сайлаушылардың 989 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 48.

Сайлау қорытындысы бойынша Көктүбек ауылдық округінің әкімі  болып  Отаров Сағдат Бақытұлы, 1978 жылы туған, Павлодар қаласы "Батыр" БЖСМ КММ басшысы, Май аудыны Көктөбе ауылының тұрғыны.

 

Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
06 июля 2026