«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Май ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.07.2026 - 08.07.2026
Қабылдау 1 этап: 07.07.2026- 08.07.2026
Қабылдау 2 этап: 09.07.2026
Эссе: 10.07.2026
Сұхбат: 15.07.2026
Анықтама телефоны: 87057072278
E-2 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 512004
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Аппаратының басшысы, E-2 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін ұйымдық, құқықтық,
ақпараттық-талдамалық және материалдық техникалық қамтамасыз етеді.
Аудан әкімі және әкімдіктің нормошығармашылық қызметін, облыс әкімдігінің
қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруды,
мемлекеттік және атқарушылық тәртіпті сақтау мәселелерін жүргізеді,
мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпаратты қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
ақпараттық теңсіздікті төмендету
бағдарламасын іске асыруды үйлестіреді. Ұйымдастыру жұмысы,
құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау, персоналды
басқару бойынша, мемлекеттік құқықтық, әкімшілік-қаржы бөлімдерінің,
төтенше жағдай бойынша бас маманның жұмысын үйлестіруді және олардың
бекітілген Регламентке сәйкес
қызмет етуін қамтамасыз етеді. Аудан әкіміне жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басқарушы кадрларын
қызметке тағайындау, оларды тәртіптік
жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді. Аудан әкімі
аппаратының қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға заңды тұлғаның
басшысы ретінде бірінші қол қою құқығы бар.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: саясаттану, бастапқы
оқыту педагогикасы мен әдістемесі, филология, педагогика және психология,
аударма ісі, әлеуметтану, мемлекеттік аудит, құқық, әлеуметтік педагогика,
подготовка учителей художественного труда и черчения, подготовка учителей
основы права и экономики, подготовка учителей по гуманитарным предметам,
подготовка учителей казахского языка и литературы, подготовка учителей
русского языка и литературы, подготовка учителей иностранного языка,
арнайы педагогика мамандарын даярлау, философия и этика, халықаралық
қатынастар мен дипломатия, библиотечное дело, обработка информации и
архивное дело, менеджмент и управление, аудит және салықсалу, қаржы,
экономика,банк және сақтандыру ісі, маркетинг и реклама, трудовые навыки,
математика и статистика, информационные технологии, коммуникации и
коммуникационные технологии, информационная безопасность, ұлттық
қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, өңірлік даму
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,
адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім
қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның
штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5,
B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес
лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе
арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери
қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган
болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем
емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады

Дата публикации
02 июля 2026