Павлодар облысы Май ауданы Қаратерек, Көктүбек ауылдық округтерінің  әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Павлодар облысы Май ауданы Қаратерек, Көктүбек ауылдық округтерінің  әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2026  жылғы 09 маусымда сағат 18.00-де Май ауданы Қаратерек, Көктүбек ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

 

Қаратерек ауылдық округі бойынша:

Барлығы 4 кандидат ұсынылды, барлығы - өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша. 

1 кандидат жеке өтініші бойынша алынып тасталды.

Орташа бәсекелестік – 3 адам. 

 

Көктүбек ауылдық округі бойынша:

 

Барлығы 3 кандидат ұсынылды, барлығы - өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша.

Орташа бәсекелестік – 3 адам.

 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 14 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Май аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
10 июня 2026