"Павлодар облысы Май ауданы Ақжар ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі № 165 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Павлодар облысы Май ауданы  Ақжар ауылы әкімінің аппараты» ММ-сы 2025 жылы   мемлекеттік қызмет көрсетуге 6 өтінім түскен.

 «Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауыл әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, ол компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында «е.Gov» электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

 

Дата публикации
13 мая 2026