«Павлодар облысы Май ауданы Көктүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебінің талқылау қорытындысы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
2025 жылы халыққа барлығы 27 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
Әкімдіктің ғимаратының холында қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.
Халыққа электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында әкімшілік ғимаратының қабылдау бөлмесінде жеке бұрыш бөлінді, жиһазбен және компьютерлік техникамен қамтылды.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.