Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету
саласындағы қызметі туралы
есебінің талқылау қорытындысы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
2025 жылы халыққа барлығы 1163 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» - 581;
2) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» -82;
3) «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу»- 50;
4) «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» - 40;
5) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу» – 73.
6) «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттар рәсімдеу»- 31.
7) «Қозғалуында қиындықтары бар 1 топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекші қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» – 18.
8) «Мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды санаторий- курортық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу» - 36.
9) «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу» – 157.
10) «Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды рәсімдеу -14.
11) Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу- 66.
12) «Тұрғын ұй көмегін тағайындау»-1.
13) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»- 6
14) «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау»-0
15) «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру»-8.
16) Ақталған адамға куәлік беру-0.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Бөлімнің ғимаратының холында қажетті құжаттар тізбесі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.