" Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі " ММ 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін талқылау қорытындысы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
«Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» ММ-сы 2025 жылы мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетті.
2025 жылы халыққа барлығы 247 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бөлім ғимаратының холында қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.
«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында бөлім ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, ол компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 150 адам мемлекеттік қызмет алды.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.