
Сыбайлас жемқорлық – адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті немесе оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ басқарушы функцияларды атқаратын тұлғалар, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы, оның өз лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді мақсатында құқыққа қарсы қабылданған жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар, сондай-ақ тұлғаларды параға сатып алу арқылы құқыққа қарсы оларға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтар.
Құрметті азаматтар!
Біздің қызметіміз сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрінде көріну фактілеріне толық төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруға бағытталған.
Сондықтан біз Сіздермен өзара тиімді, ұзақ мерзімді және ашық ынтымақтастыққа мүдделіміз.
Егер Сізге лауазымды тұлғалар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер, бұзушылықтар мен теріс қылықтар, өкілеттікті асыра пайдалану туралы белгілі болса, сізден төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша дереу бізбен хабарласуларыңызды сұраймыз.
Ақпаратты алу барысында құпиялылық режимі сақталады.
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1077 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленген.
Сонымен қатар, Сізге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жауапкершілік туралы ескертеміз.