Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақсу қаласының мешіті жамағаты дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына белсенді түрде қатысты. Ауылдық округ әкімі Жұлдыз Қадылқызының бастамасымен, мешіт жамағаты атынан Қанат Шабанбаевтың қолдауымен іске асырылған игі шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне жәрдемдесу.
Акция барысында мешіт жамағатының демеушілігімен 57 балаға мектеп сөмкелері, оқу құралдары, кеңсе тауарлары және басқа да қажетті заттар табысталды. Жамағат мүшелері қайырымдылық жасап, балалардың білім алуына қолдау көрсетуге өз үлестерін қосты.
Түсіндіру барысында тұрғындарға далада өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, құрғақ шөпті жинау және сақтау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ өрттің шығуына жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, далада шөп шабу және жинау кезінде абай болу, өрттің алдын алу және табиғи өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде ескертілді.
Саты ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлері «Ардагерлер» саябағында" сенбілік өткізді.
Сенбілік барысында аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер тырмамен саябақ аумағын тазалап, қураған жапырақтар мен тұрмыстық қоқыстарды жинады.
Бірлескен күш-жігерімізбен туған өлкемізді таза, көрікті әрі жайлы етуге өз үлесімізді қосамыз! 🌱
🌿 В рамках акции «Таза Қазақстан» проведён субботник
Ақ жаулықты анамызға Саты ауылдық округінің әкімі Гросс Жұлдыз Қадылқызы және Май ауданы мәслихатының депутаты Беккожина Нургуль Женисовна арнайы барып, ақжолтай тілектерімізді білдіріп, тәтті сыйлығымызды табыстады.
Ламига Гузаеровнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен береке тілеп, жүрекжарды жылы лебіздерді жеткізді.
Жасыңызға жас қосылып, әр күніңіз қуанышқа, шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын!
Май ауданының Саты ауылындағы медициналық пункт құрылысы аяқталу сатысында
Май ауданының Саты ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталу сатысына жетті. Бұл – ауыл тұрғындары көп жылдан бері күткен маңызды әлеуметтік нысан. Жаңа медициналық пункт халыққа сапалы әрі қолжетімді алғашқы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосады.
Осы уақытқа дейін Саты ауылындағы медициналық пункт 1958 жылы салынған бейімделген тұрғын үй ғимаратында орналасып келді. Ғимараттың техникалық жағдайына жүргізілген арнайы тексеру нәтижесінде ол апаттық жағдайда деп танылды. Сондықтан жаңа медициналық пункт салу мәселесі ауыл тұрғындарының көп жылғы тілегі болды.
Құрылыс жұмыстары 2026 жылғы 20 сәуірде басталды. Қазіргі таңда нысан аяқталу сатысында. Негізгі ғимараттың құрылысы толық аяқталып, қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жедел медициналық жәрдем көлігіне арналған гараж бен қазандықтың құрылысы толық аяқталды.
Мердігер мекеме нысанның аумағын абаттандыру жұмыстарын да қатар жүргізуде. Қазіргі таңда аумаққа құнарлы топырақ төселіп, ағаштар мен гүлдер отырғызуға дайындық жұмыстары атқарылуда. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылғы 30 тамызға жоспарланған.
Аталған жоба Павлодар облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Саты ауылының тұрғындары ұзақ жылдар бойы күткен жаңа медициналық пункттің салынуына зор ризашылықтарын білдіріп, оның пайдалануға берілуі ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға және медициналық қызметтің сапасын арттыруға үлкен үлес қосатынына сенім білдіреді.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2026 жылы «Жасыл ел» еңбек жасағына 4 жас қатысты. Жастар жазғы еңбек маусымында ауылдың санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысты.
Акция аясында ауыл аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар жиналып, аумақтар ретке келтірілді. Саты ауылдық округі әкімдігі ғимаратының айналасы тазартылып, ағаштар мен гүлдер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әкімдік аумағындағы қоршаулар мен басқа да нысандар сырланып, әктелді. Жастар қоғамдық орындар мен көшелерді тазалап, ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты.
2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына арналған дауыс беру учаскесін анықтауға мүмкіндік беретін «ЖСН бойынша өз сайлау учаскеңізді табыңыз» сервисі іске қосылды.
Өз сайлау учаскеңізді төмендегі сілтеме арқылы біле аласыз:
Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні ауыл тұрғындарымен ауылдық жиын өткізілді. Күн тәртібінде келесі сұрақтар көтерілді: "Ауыл Аманаты" бағдарламасы, мал бағу, тазалық жөнінде, алаяқтық мәселе, көктемгі ветеринарлық- профилактикалық жұмыстар жөнінде.
Саты ауылдық округі бойынша 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне салтанатты іс- шаралар өткізілді.