10 тамыз 2026 жылы– Абай күніне орай Май ауданының Саты ауылында тағылымы мол мәдени іс-шара өтті. Осы айтулы күнге орай ауыл тұрғындарына "Ұлы халықтың - Ұлы Абайы концерттік программа келіп, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттауға арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.
Концерт барысында көрермендерге Абайдың тағылымы терең өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер ұсынылып, ақынның сырлы әндері орындалды. Шығармашылық ұжымның өнері ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.
Абай шығармашылығы – адамгершілікті, білім мен еңбекті, ар-ұят пен ізгілікті жоғары қоюға үндейтін баға жетпес рухани мұра. Ұлы ақынның «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген тағылымды ойы бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Осындай мәдени кездесулер арқылы Абайдың шығармашылығы ауыл тұрғындарына, әсіресе жас ұрпаққа кеңінен насихатталып, ұлттық руханият пен мәдени құндылықтардың сабақтастығы нығая түседі.
Абай мұрасы – бір күннің ғана еншісі емес. Ол – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мәңгілік рухани қазына.