GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
Білім
19 марта 2024
Наурызнама аясында “Ұлттық киім күні” Малайсары мектебінде аталып өтті

18 наурыз күні Малайсары жалпы орта білім беру мектебінде Наурыз мерекесі қарсаңында “Ұлттық киім күніне”орай мектепте ұлттық киімдер шеруі өтті.

Білім
19 марта 2024
МАЙ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ОҚУ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

Май ауданы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің түлектері жыл сайын «Мектепке тағзым» жасап, оқу үдерісіне қажетті жабдықтарды мектепке сыйға тартуда. Дәстүрге айналған бұл игі шара бірнеше жылдан бері жалғасын тауып келеді.

Бұған дейін, яғни 2023 жылы математика кабинеті ашылған еді. Енді, міне, Малайсары орта мектебі тағы 3 заманауи оқу кабинетімен толықты. Демеушілер, мектеп түлектері, химия, биология және физика кабинеттерін заман талабына сай жабдықтап, оқушылардың сапалы білім алуы үшін ашып отыр. Соңғы үлгідегі жөндеу жұмыстары жасалған оқу кабинеттері жиһаздар, кіріктірілген интерактивті модуль, тач-панельдермен, зертханалық жабдықтар базасымен, мұғалімге қажетті кеңсе техникаларымен жабдықталған.

Сонымен қатар мектеп түлектері мектепке лазерлі ағаш станогын сыйға тартқан. Осы станок арқылы оқушылардың 8 наурыз мерекесіне орай  жасаған алғашқы бұйымдары қонақтарға тарту етілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы