2026-2028 жылдарға арналған Малайсары ауылдық округінің АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

Сіздердің назарларыңызға Малайсары ауылдық бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпараттардан тұратын 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджет ұсынылады.

Бұл құжат келесі бөлімдерден тұрады:

-бюджеттік процестің заңнамалық негіздері;

-бюджеттік процестің сызбасы;

-Малайсары ауылдық округі бюджетін жоспарлау.

Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауыл әкімі аппаратының, ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды және округ аумағында нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруды қаржылық қолдау үшін арналған орталықтандырылған ақша қоры.  

  Ауылдық округ бюджеті жыл сайын 3 жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №208 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес әзірленеді.

Дата публикации
02 февраля 2026