2026 жылғы 8 қазанда Павлодарда денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Кучуковтың төрағалығымен әскери-дәрігерлік комиссиялардың жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті. Шараға облыс әкімінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі, Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының, Цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері және «Дамумед» КМИС өңірлік өкілі қатысты.
Кеңес барысында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды медициналық куәландыруды цифрландыру, сондай-ақ «Е-медосмотр» және «Дамумед» ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеу мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша туындаған мәселелерді пысықтау және әскери-дәрігерлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігін жетілдіру бойынша одан әрі өткізілетініс-шаралар айқындалды.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде «Qosyl» платформасы арқылы медициналық әскерге шақыру комиссиясының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңеске облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Е. Ибраев, Денсаулық сақтау басқармасының, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында азаматтарды медициналық куәландыру сапасын арттыру, мүдделі органдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту және әскери қызметке жарамдылықты анықтау кезінде объективтілікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша әскерге шақырудың медициналық комиссияларының жұмысына және әскерге шақыру науқанының ұйымдасқан түрде өткізілуінебақылауды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.
Успен ауданында 2026 жылғы 23-25 қыркүйек аралығында басқару органдарымен, азаматтық қорғаныс күштерімен және халықпен «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығу барысында құрылымдарды дайындыққа келтіру, қабылдау-эвакуациялау пункттерін өрістету, авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығы мен материалдық-техникалық ресурстардың жағдайы тексерілді. ТЖ салдарын жоюға бағытталған дайындық пен іс-қимылдардың үйлесімділігін арттырудыкөздеген оқу-жаттығу мақсаттарына қол жеткізілді.
2026 жылғы 23 қыркүйекте мекеме басшысы К.С. Каримов облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Е.Р. Ибраевпен бірлесіп облыстық жиын пунктіне барып, күзгі әскерге шақыру науқанының барысымен, атап айтқанда, әскерге шақырылушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселелерімен танысты, сондай-ақ әскерге шақырушылар әскери бөлімдерге аттанар алдында орналасатын казарманы қарап шықты.
Аталған кездесуге әскерге шақырылушыларды тамақпен қамтамасыз ететін компанияның өкілі Е.В. Пантелеева мен Павлодар облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімінің бастығы подполковник Е.К. Карамурзин қатысты.
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ мен «Жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ қызметкерлері Павлодар облысының мемлекеттік органдары мен басқармаларының қызметкерлері арасында Павлодар қаласының аумағын санитарлық тазарту бойынша жалпы облыстық сенбілікке қатысты.
2026 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында Шарбақты ауданында басқару органдарымен, азаматтық қорғаныс күштерімен және халықпен кешенді оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында басқару органдары мен азаматтық қорғаныс күштерін дайындық жағдайына келтіру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде басқаруды ұйымдастыру, сондай-ақ эвакуациялық іс-шараларды жүргізу мәселелері пысықталды.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — басқару органдары мен азаматтық қорғаныс күштерінің төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және олардың салдарын жоюға дайындығын арттыру.
2026 жылғы 27 тамызда басқарма басшысы Қ.С. Кәрімов ҚР азаматтарын күзгі әскерге шақыруға дайындықпен танысу мақсатында облыстық жиын пунктіне барды
Жиын пунктіне бару кезінде Павлодар облысы Қорғаныс істері департаментінің лауазымды тұлғаларымен және облыстық медициналық шақыру комиссиясының мүшелерімен кездесу өтті онда күзгі әскерге шақыру кезеңінде жиын пунктінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды
Ағымдағы жылғы 25 тамызсағат15:00-де «Qosyl» платформасы арқылы онлайн режимде басқарма басшыс К.С. Каримов басшылығыменкүзгі әскерге шақыру нарядын орындау жөнінде мына мәселер бойынша кеңес өткізілді:
Кеңеске қалалар мен аудандардың әскерге шақырту комиссияларының төрағалары, аудандық полиция бөлімшелерінің бастықтары, қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдердің өкілдері, Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Полиция департаменті, білім беру басқармасы қатысты.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының өкілі – Аумақтық қорғаныс департаменті бастығының орынбасары Жантасов Жанат Өзенбайұлымен 2026 жылғы 7 тамызда Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Заңының ережелерін түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Полиция департаментінің өкілдері, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, Баянауыл, Шарбақты, және Тереңкөл аудандары әкімдіктерінің аппарат басшылары, Кенжекөл, Солнечный, Майқайың, Шідерті, Атамекен кенттерінің әкімдері, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жұмылдыру және аумақтық қорғаныс жөніндегі бас мамандары қатысты.