Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Әскери қызметшілердің қызметі мен әскери мәртебесі туралы» Заңдарын және басқа да заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішк талдау жүргізу үшін (бұдан әрі – СЖТІТ) басқарма басшысы Қ.С.Кәрімов 16.08.2022ж. № 14-04/46 бұйрық шығарды.
Осы бұйрықпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу боййынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» ММ-нің Азаматтық қорғаныс және әскерге шақыру бөлімінің басшысы Серік Төлегенұлы Қошқарбаев, жұмылдыру дайындығы бойынша бас маман - в Серик Төлеутайұлы Бейсембае, бас маман заңгердің міндетін атқарушы - Смакова Ботагоз Джамбуловна енді.
СЖТІТ жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыруға жауапты тұлға болып Азаматтық қорғаныс және әскерге шақыру бөлімінің басшысы Серік Төлегенұлы Қошқарбаев анықталды.
Алдыңғы СЖТІТ 2021 жылдың сәуір айында жүргізілді.
Ағымдағы СЖТІТ: 2021 ж. мамыр- 2022 ж. шілде кезеңі бойынша жүргізілуде.
СЖТІТ жүргізу барысында келесі міндеттер бойынша талдау жүргізілді:
( Easy Project жүйесі бойынша шаблондармен жеткізілгенге сәйкес)
1: Қолданыстағы құқықтықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік органнмен есептік кезеңінде 1 нормативтік-құқықтық акті дайындалды, олардың ішінде құқықтық сараптамаға жіберілгендері:
- 2021 ж. Әл Фараби атындағы Қазақстан Ұлттық Университеті – 0 құжат.
- 2022 ж. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ – 1 құжат.
Нәтижесінде 3 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері факторы анықталды, 3 ұсыным берілді. Оның ішінде 3 ұсыным ескерілді және назарға алынды.
2:Ішкі құжаттарды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Жүргізілген нәтиже бойынша ішкі құжаттарда бұзушылықтар анықталмады.
3: Басқарманың персоналдарына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2021 жылы басқарманың штаттық саны 9 бірлікті құрады.
2022 жылғы маусымдағы жағдай бойынша штаттық сан 9 адамды құрайды, нақты саны – 8 бірлік, вакансия – 1 бірлік (бас маман – заңгер).
Басқарманың құрамы бойынша 2 бөлім (Азаматтық қорғаныс және әскерге шақыру бөлім – басшы және 2 бас маман, Жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлім – басшы және 2 бас маман) 1 бас маман – заңгер, 1 – бас маман -есепші.
Мемлекеттік қызметтен босатылу және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары үшін жауапты болғандар, теріс себептері бойынша тартылғандар жоқ.
Әкімшілік мемлекеттік қызметтің лауазымына сайлану конкурсын Павлодар облысы әкімі аппаратының персоналдарды басқару қызметімен жүргізіледі.
4: Жанжал мүдделеріне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасының жұмыс тобымен жанжал мүдделерінің бар болуының, кадрлардың ауысуының, басатылу себептері (лауазымының төмендеуі), жақын туыстардың, жұбайлары мен жекжаттардың бірігіп жұмыс істеуі, сыбайлас жемқорлықтың шектеулері мен тыйым салынғандарымен қабылданғандар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы жүргізілді.
Талдау нәтижесі бойынша дискрециялық және нормалық өкілеттіліктері, сыбайлас жемқорлық құқықтарын бұзушылықтарды жасауға ықпал ететіндер анықталған жоқ.
5: Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көорсетпейді.
Облыстық басқармада «Жұмылдыру дайындығын, азаматтық және аумақтық қорғанысын қамтамасыз ету қызметі» КММ ведомствалық бағынысты ұйымы бар. КММ мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
6: Рұқсат етілген функцияларды іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Ережеге сәйкес, Басқарма рұқсат етілген функцияларды іске асырмайды.
7: Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, , Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасына мем. органның қызметін реттеуге, бақылау мен қадағалау функциясы берілген жоқ.
8: Ұйымдастыру- басқару қызметтерінен шығатын, басқа да мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша заңнамалық ұйымдастыру-басқару қызметтерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұзушылықтар болған жоқ.
9: Қаржылық-шаруашылық қызметтерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша қаржылық-шаруашылық қызметтерді басқару қызметін байланысты заңнамалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұзушылықтар болған жоқ.
10: Мемлекеттік жасырын қызметтерді анықтау
Басқарманың талдау функциясы жүргізілді,нәтиже бойынша басқармамен халыққа немесе басқа да қызметтерді көрсетпейді және жолдамайды.