Меню

Страницы

Статья

"Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау Басқармасы"ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау.

Сипаттама бөлігі:

  1. Персоналды басқару

- НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі

- сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

ҚР Еңбек кодексінің 1 – бабының 1) тармақшасына сәйкес азаматтық қызмет-азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіби қызметі.

Азаматтық қызметшілер туралы ережелер ҚР ЕК-де және басқа да бірқатар нормативтік құқықтық актілерде бар.

Алайда, азаматтық қызметшілерді тағайындау мен іріктеудің бірыңғай тәсілдерін, олардың мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілік шараларын және т.б. қалыптастыратын заң жоқ.

Осы қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарының тізбесін әртүрлі орталық мемлекеттік органдар қалыптастырады.

Осыған байланысты біліктілік талаптары салалық тәсіл бойынша қалыптасады.

Мысалы, білім, мәдениет және т.б. салаларда.

Нәтижесінде ЖАО деңгейінде түрлі қарама-қайшылықтар бар, олар үшін әкімдіктерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілер үшін біліктілік талаптарының жеке жинағы жоқ.

- оны жою бойынша ұсыныстар

"Азаматтық ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ" ЗАҢДЫ ӘЗІРЛЕУ туралы ұсыныстар енгізу. Жоғары тұрған органға 2021 жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде ұсыныс жолдансын.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Осы бөлім бойынша мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету

- НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше айқындамау

- сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

"Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" және "әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер болып табылады және оларды аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО көрсетеді.

Осы қызметтерді көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында көзделген (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген, бұдан әрі – қағида).

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату ережесіне сәйкес тиісті шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.

Осылайша, тізілім мен көрсетілетін қызметті берушінің бөлігінде қағидалар арасында қайшылықтар бар, өйткені шақыру комиссиясының құрамы ЖАО қызметкерлерінен ғана қалыптастырылмайды.

- оны жою бойынша ұсыныстар

Көрсетілетін қызметті берушіні нақтылау бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.

Жоғары тұрған органдарға 2021 жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде ұсыныс жолдансын.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Басқарма рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру

Басқарма бақылау функцияларын іске асырмайды.

6 ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

Жоқ.

 

Дата публикации
18 июня 2021
Дата обновления
18 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Сөз сөйлеу
09 февраля 2024
Шешу жолына қатысты проблемалық мәселелер қаралды және талқыланды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
27 июня 2023
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы