Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және аззаматтық қорғау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы.

 

Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және аззаматтық қорғау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қатысуымен Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» атты акциясы шеңберінде, басқарма басшысымен  2020 жылғы 09 қарашада «Фейсбук» әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізді. Тікелей эфирдің сілтемесі:

https://www.facebok.com/100024907596022/videos/791114728395440/?d=n

2020 жылғы 11 қарашада «Ертіс –ТВ» телеканалында «Арым бар» бағдарламасында  Павлодар облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, «Ertis- adaldуg alanу» жоба кеңсесінің жетекші басшысы Р.А.Исабеков тікелей  эфирде сөз сөйледі,мұнда сонымен қатар, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің іс-әрекетін  анықтау тақырыбы қозғалды. 

Тікелей эфир барысында сыбайлас жемқорлықтың жоспарлары мен басымдықтар мәселесі жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерінің іс- шаралары бойынша, сонымен қатар басқарма басшысының    еңбек ақың мөлшері туралы да айтылды.  

Басқармада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстары жүйелік негізде жүргізіледі.

Басқарма мен «Жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ-сі ведомствалық ұйымының барлық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы  бұзушылық  шаралары түсіндірілді.

Басқарманың барлық ұжымымен, оның ішінде  ведомствалық ұйымының ұжымымен де сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы  бұлжытпай сақтау туралы әңгіме жүргізілді.

Структуралық бөлімдердің басшылары сыбайлас жемқорлық мәселесі жөнінде дербес жауапты екені ескертілді (сыбайлас жемқорлық сипаттағы іс-қимылға  дербес жауаптылығы жөнінде КЕЛІСІМГЕ қол қойылды.)

Ағымдағы жылы басқармада  сыбайлас жемқорлықтың  тәуекелдеріне 2 ішкі талдау жүргізілді.

2019,2020 жылдары басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары жіберілген жоқ.

2020 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Сонымен қатар, барлық қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың  құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің нысандары мен түрлері туралы мәліметтер жеткізілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің  сапасы мен уақтылығын бақылау әрдайым менің жеке бақылауымда болуда.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері уақытында қарастырылады.

Барлық өтініштерге жазбаша және ауызша жауап беріледі.

Шаралар қабылдануға толық түсініктемелер беру үшін азаматтар  жеке қабылдауға міндетті түрде шақырылады.

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, сонымен қатар, азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі.

(сейсенбі күнінен басқа, қабылдау уақыты  күн сайын сағ.10:00-12:00,15:00-18:00).

2020жылдың өткен кезеңдері бойынша менің жеке қабылдауымда 14 азамат қабылданды, барлық сұрақтарына  ауызша жауап берілді.

Жеке қабылдауымда көтерілген мсәселелер әрдайым   менің бақылауымда.

Жеке қабылдау Облыстық әскерге шақыру жинақтау пунктінде, Қорғаныс істер жөніндегі департаментінде және Басқарма ғимаратында өтеді, Жеңіс алаңы көшесі  5/1үй 27 кабинет, 32-32-92 тел.арқылы жазылу.

Басқарма ғимаратының 1 қабаты халық үшін еркін қолжетімді.

Ақпараттық стент үлгілерімен (мемлекеттік және орыс тілдерінде) Басқарманың бірінші  басшысы атына  өтініш, Басқарманың бірінші  басшысының азаматтарды қабылдау уақыты, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қару тәртібінің заңы туралы, Басқарманың бірінші  басшысына жіберілген хаттарға арналған мөлдір жәшік орналастырылған.

 

 

 

 

Дата публикации
27 ноября 2020
Дата обновления
27 ноября 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Сөз сөйлеу
09 февраля 2024
Шешу жолына қатысты проблемалық мәселелер қаралды және талқыланды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
27 июня 2023
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы