Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі Басқармасы Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 15 - бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Павлодар облысының аумағында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, оларды алдын алу және жою, бұзған үшін қарастырылған әкімшілік жауапкершілік туралы қағидалар» (бұдан әрі-қағидалар) жобасын әзірледі.
Қағидалар жобасы 2020 жылғы 13 қазан мен 27 қазан аралығында жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5137605