Жыл сайынғы Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында аға буын өкілдеріне және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына тиісті көңіл бөлу және қамқорлық көрсету мақсатында Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасы ұжымының өкілдерімен Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 94 жастағы Еңбек ардагері Хазыров Бекбулат Манияпович, еңбек ардагерлері Иманғалиев Тілеуберген Теміржанұлы, Чудак Александр Владимирович, Камиев Қалышпек Мешелович болды. Кездесу барысында құттықтау мен алғыс сөздерінен кейін барлық ардагерлерге азық-түлік жиынтығы түрінде қарапайым сыйлық берілді, ардагерлер өзінің әскери және еңбек өткені туралы естеліктерімен бөлісті.