Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді талқылау, еңбек ұжымдарында шынайы қызығушылықпен үн қосты.
2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті К.Қ.Тоқаевтың «Қазақстан жаңа шындықта: әрекет ету уақыты» атты Қазақстан халқына бірінші Жолдауы, біздің басқармада 11 қыркүйекте ұжыммен зерттелді және талқыланды.
Талқылау барысында Президент Жолдауының негізгі бағыттарының Ұлт жоспарымен және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасымен сабақтастығына назар аударылды.
Жолдаудың мәнінен оның дағдарысты еңсеруге ғана емес, болашаққа, қазіргі заманғы дамуға бағдар беретін бағдарламалық құжат болып табылатыны анық.
Талқылау барысында Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық даму аспектілері, сондай-ақ ҚР Президентінің таяу жылдардағы ел дамуының жолдары айқын және нақты белгіленгенін байқадық.
Талқылау кезінде Қ-Ж. Тоқаевқа көтерілген мәселелер, елдің табиғи ресурстарының жай-күйі, экологияны жақсартудың, энергия көздерін пайдалануды кеңейтуді,культивировалық және табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы туындаған мәселелер пікірталас барысында назардан тыс қалған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілер ретінде, Жолдауда қойылған міндеттерді іс жүзінде шешудің маңыздылығын атап көрсете отырып, өздері үшін орындалатын жұмысқа деген қарым-қатынасты қайта құру қажет екенін, кешегідей жұмыс істеу мүмкін еместігін түсінді.