Жоба
«Павлодар облысының жұмылдыру
дайындығы және азаматтық қорғаныс
жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандарт бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
осы бұйрықтың «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» ММ-нің ресми интернет-ресурстарында жариялануын;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» ММ –нің қызметкерлерінің назарына жеткізіп, таныстыруды қамтамасыз етсін.
Басқарма басшысы К. Каримов
|
«Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» ММ басшысының 2022 жылғы «__» __________ № _____ бұйрығымен бекітілді |
«Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенстваның сыбайлас жемқорлық стандарттарын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарымен және барлық сала қызметтеріне рұқсат етілген және шектеулері «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма)сыбайлас жемқорлыққа қарсы және өзінің тыйым салу жүйесін жолдайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу мақсаты Басқарманың қызметі саласында сыбайлас жемқорлықтың болуына жол бермеу және құқықтық сауаттылықты көтеру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:
1) Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін жүзеге аысру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық қалыптастыру;
2) Сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытында айқындау және олардың жағымсыз салдарын болдырмау.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының қағидаттары:
1) заңдылық;
2) төзімділік;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
5) мүдделер қақтығысын болдырмау.
2.Қоғамдық қарым-қатынастардың жекеленген салаларында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлығы (іс-қимылы) ережелері
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
2) басқарма қызметі саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, жазбаша түрде уәкілетті органға дереу хабарлау;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
4) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
5) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
6) мемлекеттік қызметшінің құзыретіне жататын шешімдерді қабылдау кезінде ешқандай материалдық игіліктер, қызметтер мен өзінің заңнамалық міндеттерін орындаумен байланысты артықшылықтарды қабылдамау.
1) мүдделер қақтығысын болдырмау, ал олар туындаған жағдайда, заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
2) іс-шараларын және шешім шығаруды қарастыратын өзге де іс-әрекет жасаған кезде мәселелерді объективті қарау, шешімдерді тек заңнамаға сәйкес қабылдау.
3) мемлекеттік қызметтік құзіретіне енетін шешімдерді қабылдау кезінде, өз міндетін орындауға байланысты ешқандай материалдық игіліктер, қызметтер мен басқа да артықшылықтар қолданбау;
4) берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде «Құқықтық актілер туралы» нормаларын қатаң сақтау;
2) олардың мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандығын қозғайтын жағдайларда, алдын ала қоғамдық талқылаусыз нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен сондай-ақ субъективтік кәсіпкершілік мүдделерді қабылдауға жол бермеу;
3) өзі немесе үшінші тұлғалар үшін пайда алу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына жол бермеу;
1) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;
2) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтарды жасауға жол бермеу.
3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау.
Егер мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы мәліметке ие болған жағдайда, ол осындай құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі қажетті шараларды қабылдауы тиіс, соның ішінде жоғары тұрған басшысын, жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшысын, уәкілетті мемлекеттік органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуі тиіс.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші басқа тұлғалардың оны сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға тартқан жағдай туралы аталған тұлғалар мен органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуі тиіс.