Азаматтық қорғаныс және әскери қызметке шақыру бөлімі 2022 жылдың 8 айында келесі жұмыстарды атқарды:
Облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарының өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру жөніндегі жұмысын үйлестіру, олардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерінде материалдық-техникалық жарақтандыру.
Облыс аумағында 51 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, Олар жалпы саны 102 мыңнан астам адамды құрайтын 223 елді мекенді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді, олардың жарақтандыруында 49 бірлік түрлі техника, оның ішінде 31 бірлік өрт сөндіру және 18 бірлік бейімделген.
Ағымдағы жылы 2 өрт сөндіру бекеті құрылды:
- Баянауыл ауданы әкімдігінің 2021 ж. 06.05. №159/5 қаулысымен. Ж. Шанин ауылында өрт сөндіру бекеті құрылды;
- Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 ж. 21.02. №111/2 қаулысымен Екібастұз аудандық округінің Төртүй ауылында өрт сөндіру бекеті құрылды.
«Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туындаған кезде басқару органдарының, азаматтық қорғаныс күштерінің және халықтың іс-қимылы» тақырыбы бойынша басқару органдарымен, күштерімен және құралдарымен кешенді оқу-жаттығу барысында (Ақтоғай, Железин және Тереңкөл аудандарының аумағында), Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда (Шарбақты ауданы мен Тереңкөл ауданында) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша «Орман-2022» трансшекаралық оқу-жаттығуын өткізу кезінде облыстық Азаматтық қорғаныс қызметтерін үйлестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осы іс-шараларды өткізу барысында әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органдардың «2021-2023 жылдарға арналған сыртқы өртке қарсы су құбырын (гидранттар, су айдындары, пирстер және т. б.) қалпына келтіру және жаңғырту», «2021-2023 жылдарға арналған Азаматтық қорғаныс нысандары мен мүлкін сатып алу және әзірлікте ұстау мәселелері бойынша», «2020-2022 жылдардағы шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі» Жол карталарының орындалуын үйлестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылдың көктемінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және жас буынды әскерлерге жөнелту ұйымдастырылды, олар Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының талаптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы «Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару,әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және кезекті әскерге шақыру, Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 827 Жарлығына және Павлодар облыс әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы «Павлодар облысы бойынша 2022 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу шаралары туралы» № 64/1 қаулысына сәйкес жүргізілді.
2022 жылдың көктемгі кезеңінде 703 азамат Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақырылды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасарының басшылығымен көктемгі шақыру компаниясының ағымдағы жағдайы, шақыру процесінде туындайтын проблемалық мәселелер бойынша жұмыс кеңестері өткізілді, оған шақыру комиссияларының төрағалары, жергілікті әскери басқару органдарының, Павлодар облысының білім беру басқармасының және жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.
Шақыру науқанын сапалы жүргізуге шаралар қабылданды.
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27-бабына сәйкес облыс бойынша шақыру жинау пункттері әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру үшін қажетті үй-жайлармен және кабинеттермен, сондай-ақ автокөлікпен, байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етілді.
Денсаулық сақтау басқармасымен медициналық комиссияларды қажетті көлемде дәрігер-мамандармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізілді.
Мамандарды ұсынған медициналық мекемелерге еңбекақы төлеу, сондай - ақ шаруашылық-медициналық мүкәммал сатып алу бойынша барлық конкурстық рәсімдер пысықталды.
Шақыру санэпидқадағалау талаптарын толық қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылды және өткізілді. Барлық шақырылушылармен короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2022 жылғы 10 шілдеден бастап 2022 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанына шақыру ресурсын зерделеу басталды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.