| |
Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы «22» қаңтардағы №13/1 қаулысымен
бекітілді
|
«Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
- Жалпы ережелер
- «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғаныс және азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету саласында функцияларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыруға әкімдікпен өкілеттік берілген облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады.
- Басқарманың ведомстволары жоқ.
- Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты болады.
- Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, №49 үй.
- Басқарманың жұмыс режимі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
- Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Управление по мобилизационной подготовке и гражданской защите Павлодарской области».
- Басқарманың құрылтайшысы Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
Басқарма «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімді қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құру арқылы пайда болды, оның құқықтар мен міндеттер қатынасындағы құқық иеленушісі тапсыру актілеріне сәйкес болып табылады.
- Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
- Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
- Басқармаға Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекет кірісіне жіберіледі.
- «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
- Басқарманың миссиясы – Павлодар облысының аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғаныс саласындағы іс-шаралардың орындалуын үйлестіру.
- Басқарманың мақсаты жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
- Басқарма қызметінің мәні Павлодар облысының аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.
- Міндеттері:
1) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері жөніндегі тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңнамасын іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
3) аумақтық қорғаныс мәселелері жөніндегі тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнамасын іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
5) азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамасын іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
7) жұмылдыру жоспары мен аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу, нақтылау және түзету, облыстың атқарушы органдарында, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелерде жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;
8) азаматтардың әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
- Функциялары:
- Павлодар облысының аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға қатысу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
- жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсету, облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (оқу-жаттығулар) өткізуге қатысу;
- әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге техника беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде арнаулы құралымдарды құру және олардың қызметін қамтамасыз ету;
- облыс жұмылдыру жоспарын және аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;
- қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасу бойынша жұмысын үйлестіру;
- жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;
- жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
- облыс мемлекеттік органдарының жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін үйлестіру;
- облыс қалалары мен аудандарының жұмылдыру жоспарларын келісу;
- аумақты жедел жабдықтау iс-шараларының орындалуын үйлестіру және оған қатысу, коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз ету;
- қорғаныс мақсатында көлiк және басқа да техникалық құралдардың есебiн жүргізудi және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз ету;
- аумақтық қорғаныс құрылымдарының адами ресурстармен, автомобиль және арнайы техникамен жасақталуына және олар үшін азық-түліктің, заттай мүліктің және өзге де материалдық-техникалық құралдардың қажетті қорларының құрылуына бақылауды жүзеге асыру;
- халық пен аумақтың қорғанысқа дайындығын үйлестіру және қатысу, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге ресурстарға және олардың тапсырыстары бойынша қызметтерге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
- азаматтардың әскери есепке алынуын, әскери қызметке дайындығы, олардың әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, әскери жиындар және жұмылдыру бойынша шақырулар;
- әскери бөлімнің, аумақтық қорғаныс құралымның бірінші басшысының қамтамасыз етілуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекіткен саны мен құрылым шегінде аумақтық әскерлердің ұсталуын қамтамасыз ету;
- қорғаныс саласындағы өз қызметін үйлестіру және әскери басқару органдарымен келісу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың қорғаныс кеңесін құру;
- әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз ету;
- облыс қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
- облыс басшылығына оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншіктерді күзету, қоғамдық тәртіпті ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімдерінің қолда бар күштерін, құралдары мен ресурстарын тарту жөнінде ұсыныстар беру;
- облыс қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарының азаматтық қорғауды басқарудың аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын құру және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұру бойынша қызметін үйлестіру;
- аварияларды, төтенше жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу;
- облыс қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарының төтенше жағдайларды жойғаннан кейін жүзеге асырылатын қоршаған ортаны сауықтыру, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша қызметін үйлестіру;
- өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;
- азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;
- облыс қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарының құлақтандыру мен хабар берудің техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру бойынша қызметін үйлестіру;
- облыс қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарының қалалардың авариялық және шұғыл қызметтерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру бойынша қызметін үйлестіру;
- жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
- төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету бойынша қызметті үйлестіру;
- төтенше жағдайларды болдырмау, адам өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде салдарын жою және залалды төмендету бойынша құзыреті шеңберінде шаралар әзірлеуге қатысу және қабылдау;
- облыс әкімінің қосалқы (қалалық, қала сыртындағы) және жылжымалы басқару пунктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- командалық-штабтық оқулар мен жаттықтыруларға, тактикалық-арнайы оқуларға қатысу;
- құзыреті шеңберінде нормативтік-құқықтық және құқықтық актілер әзірлеу;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысты орнату және үнемі дамыту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеу;
- Президент Әкімшлігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімінің тапсырмаларын орындау туралы ақпаратты және жиынтық есептерді дайындау (өз құзыреті шегінде);
- депутаттардың, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелірінің сұрауларына жауаптарды (жауаптардың жобаларын) дайындау (өз құзыреті шегінде);
- Басқармада мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілде іс жүргізу;
- Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
- Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтен өтуіне байланысты мәселелерді іске асыру;
- Басқарманың ақпараттық ресурстар мен жүйелерді пайдалану жөніндегі қызметін үйлестіру;
- Басқармада ақпараттық ресурстар жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу бойынша есептілік жасау және Басқарманың қолданыстағы заңнамаға сәйкес жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу;
- бухгалтерлік есеп пен есептіліктің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, әкімші Басқарма болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, бекіту және орындау;
- Басқарманың мүлкін түгендеу жүргізумен, сондай-ақ заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес оларды есептен шығару және/немесе беру үшін құжаттарды ресімдеумен сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы Ережеде белгіленген құзыреті шегінде барлық сот инстанцияларында, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындар мен өзге де ұйымдарда әкімнің, әкімдіктің мүдделерін білдіруге;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша материалдар дайындау және қарау бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тартуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, оларға жауап беруге;
жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
2) Басқарма:
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
- «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
- Басқармаға басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.
- Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарманың қызметкерлерін көтермелеуді, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
5) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;
8) Басқарманың құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
9) құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен Басқарманың кеңестерін өткізеді;
10) Басқарманың перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
11) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреседі;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- Басқарма мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
- Басқарма мен тиісті саладағы уәкілетті органның арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
- Басқарма басшылығы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Ұжымдық шартқа сәйкес реттеледі.
- «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
- Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі меншік иесі берген мүлік пен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
- «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)
- Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Басқарма таратылған жағдайда, кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.
- «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
- «Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.