
2025 жылғы 11 ақпанда қаржы басқармасы Павлодар облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп маңызды іс-шараға қатысты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет айтып өткендей салық жүйесі теңдестіріліп, бизнес және мемлекеттің мүдделерін ескеруі қажет.
ҚҚС мөлшерлемесінің жоғарғы шегі бойынша шешім нақты есептер негізінде және білікті сарапшылардың, кәсіпкерлер мен депутаттардың пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс.
Алдағы салықтық-бюджеттік реформа аясында 2025 жылғы 11 ақпанда Достық үйінде ҚР ҚМ Вице-Министрі Е.Е. Біржановтың қалалар мен аудандардың бизнес өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуі өтті.
Кездесуге 150 адам қатысты.
ҚР ҚМ Вице-Министрі Е.Е. Біржанов алдағы реформаның тезистерімен қысқаша таныстырып өтті.
Кездесу сұрақ-жауап түрінде өтіп, екі сағатқа жуық болды. Ірі, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп сектор, әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдері тарапынан сұрақтар қойылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қарастырылған мәселелер Салық Кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына жіберілетін болады.