
Құрметті Павлодар өңірінің тұрғындары мен қонақтары!
«Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінде берген «Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету» тапсырмасын орындау шеңберінде төмендегілер туралы хабарлайды.
2024 жылғы 3 шілдеде облыстық коммуналдық меншіктің 33 объектісін жекешелендіру бойынша екінші сауда-саттықты өткізу жоспарланған, оның ішінде: 31 автокөлік құралы және 2 жылжымайтын мүлік объектісі:
сауда-саттық нысаны: аукцион;
сауда-саттық әдісі: бастапқы бағаның 50% мөлшерінде ең төменгі бағаны белгілей отырып, бағаны төмендету.
Толық ақпаратпен Мемлекеттік мүлік тізілімінің порталы (www.e-qazyna.kz), «Электрондық сауда алаңы» функционалында танысуға болады.